Маңғыстау облысында мамандар итбалықтардың қырылуын анықтауға кірісті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Форт-Шевченко қаласы маңындағы Каспий теңізі жағалауында табылған өлі итбалықтарды анықтау үшін арнайы мамандар жіберілді.

Ақтаудан 150 шақырым қашықтықтағы мекенжайда орын алған жағдай туралы нақты қорытынды ертең белгілі болады, деді Маңғыстау облысы бойынша бас мемлекеттік инспектор Бауыржан Әмірбеков.

«Казгидромет» РКМ Маңғыстау облысындағы филиалынан ауа райы туралы сұратып жатырмыз. Балық инспекциясы оқиға орнына шықты, Ауыл шаруашылғы басқармасындағы мал дәрігерлері бірлесіп, сараптама жасайды. Барлығы өз мамандарын жіберді. Біз Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдерімен бірге өз мамандарымызды да жібердік. Онда барып келгеннен кейін шұғыл түрде талдау жасалады. Әзірге жұмыс тобы құрылған жоқ. Бізден шыққан зертхана судың сынамасын алады. Балық инспекциясы итбалықты тексереді. Нақты қорытындыны бүгін шығарып, ертең жариялаймыз»,  - деді Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша бас мемлекеттік инспектор Бауыржан Әмірбеков.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні жергілікті БАҚ-та Интернет қолданушылар Форт-Шевченко қаласы маңындағы Каспий теңізі жалауынан 3 итбалықтың өліп жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, жағалауда ондаған балық қырылып қалғаны айтылған.  

Соңғы жаңалықтар