Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген балықты аулағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды. Қайық моторы, балықшы киімі, сонымен бірге аулар тәркіленді. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Ділдахметтің хабарлауына қарағанда, 2018 жылдың 11 қаңтарында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері рейд жүргізген. Рейд барысында Түпқараған ауданының «Бегейліғали» мекені мен көл аралығында үш УАЗ көлігі мен «Нива» маркалы автокөлік тоқтатылып, тексерілген.  

«УАЗ көлігін тексеру кезінде салонның ішінен «Бекіре» тұқымдас 22 балық, ұсақ балықтар, ҚР Қызыл кітабына енгізілген ақбалық табылды. Екінші УАЗ көлігін тексеру барысында одан бекіре тұқымдас 11 балық анықталды. Нива автокөлігінен «Тахацу» аспалы қайық моторы, балықшы киімі, тралдау өндірісіне арналған құрылғылар, балықты тұншықтыруға арналған ағаш таяқша мен балықты аудан алып шығуға арналған ілмек табылды», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Оқиға орнына Түпқараған ауданы ІІБ-нің жедел тобы шақырылып, тәртіп сақшыларына барлық материалдар тапсырылған.

Аталған оқиға бойынша Түпқараған ауданының Ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс қозғалып отыр.

Соңғы жаңалықтар