+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында құрылыс қалдықтарына арналған полигон ашылмақ

2021 жылғы 27 қыркүйек 19:49
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында құрылыс қалдықтарына арналған полигон ашылмақ

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын қайта құру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда биыл түрік инвесторларының қатысуымен ірі екі жоба іске қосылады Ақтауда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады Ақтауда су тұшыту зауытының құрылысы басталды

22 қыркүйекте Маңғыстау облысына келген сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте жергілікті экологиялық проблемалар жөнінде айтқан болатын. Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне үш жыл ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеудің тұтас инфрақұрылымын құруды, сондай-ақ полигондарды нормативтік талаптарға сай етіп жасақтауды тапсырды.

Бүгінде Мұнайлы ауданының Баянды ауылында полигонды қайта құрудың екінші кезеңі жүргізілуде. Ал жалпы ауданы 25 гектар болатын алты шұңқырлы полигон 2015 жылы іске қосылған болатын. Содан бері Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының барлық қатты тұрмыстық қалдықтары осында тасымалдануда. Полигонда техника мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен болашақта өңірге елеулі эпидемиологиялық қауіп тууы мүмкін. Сондықтан, қазіргі уақытта негізгі міндет сұрыптау желілерін орнату болып отыр.

Бұдан басқа, жауапты азаматтар Нұрлан Ноғаевқа өңір республикада құрылыс салу бойынша көшбасшылар қатарында болғандықтан құрылыс қалдықтарының көп мөлшерде жиналатындығын да баяндады.

- Маңғыстау облысында құрылыстың белсенді жүруіне байланысты Мұнайлы ауданында құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу алаңын ашу жоспарлануда. Өңірде ҚТҚ жинаумен және шығарумен 21 ұйым айналысады. Облыс бойынша қоқысты сақтауға арналған 12 мыңнан астам контейнер бар. Тағы 17 мың қоқыс жәшігі қажет, - деді Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков.

Қазіргі уақытта құрылыс қалдықтарын жинап, қайта өңдейтін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT