Маңғыстау облысында Құрық ауылының балаларына жаңа футбол алаңы сыйға тартылды (ФОТО)

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Құрық ауылында «Тасболат Ойл» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында Қарақия ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық стадионын қалпына келтіру жобасын аяқтады.

Бірінші кезеңде 480 орынға арналған трибуна мен қоршау салынды, жарық өткізілді, екінші кезеңде - футбол алаңының жаңа жасанды жасыл жабындысы орнатылып, жеңіл атлетикамен айналысу үшін 400 метрлік жүгіру жолағы салынды.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл мектеп 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде онда 198 оқушы спортпен айналысуда.

null null

Соңғы жаңалықтар