Маңғыстау облысында коронавирусқа қатысты ахуал әлі де тұрақсыз – бас санитар дәрігер

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта болғанымен, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын 96 мектеп оқушысы, 6 мұғалім жұқтырған.

«Қауіпті індет 96 оқушыдан үйдегі қарым-қатынас арқылы анықталып отыр. Ауырған оқушының барлығының шағымы жоқ. Жақын байланыста болған адамдар карантинге алынды. Індетке қарсы шаралар жалғасуда», - деді Ғазиз Надуев.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына салынған кей шектеулер алынғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар