Маңғыстау облысында қорғаныс істері бойынша департаменттің үш нысаны ашылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында қорғаныс істері департаментінің үш нысаны ашылады: облыстық Маңғыстау облыстық қорғаныс істері департаментінің жиналу пункті, Жаңаөзен қаласындағы қорғаныс істері бойынша бөлімнің әскерге шақыру пункті (іргелес тұрған екі ғимарат) және Мұнайлы ауданының қорғаныс істері бойынша бөлімінің әскер қатарына шақыру пункті.

Айта кететін болсақ, соңғы нысан бірінші болып жақын он күнде кестеге сәйкес тапсырылады. Пункт ғимараты салынды, оның құрылысына 189 млн. теңге жұмсалды.

2015 жылдың наурызында Жаңаөзен қаласының нысандары пайдалануға беріледі. Әкімшілік ғимарат пен әскер қатарына шақыру пункті қаланың орталығындағы құлатылған ескі пункт орнында салынады. Пункт уақытша №12 кешкі мектепте орналасқан. Жұмыстардың жалпы құны шамамен 282 млн. теңгені құрайды. Соңғы болып 2015 жылдың мамыр-маусым айларында облыстық жиналу пункті пайдалануға берілмекші. Ол Ақтау қаласындағы департаменттің аумағында салынуда. Құрылысы басталып кеткен ғимаратты салуға сегіз ай уақыт берілген. Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері департаментінің әскери қызметкерлерді келісімшарт бойынша жинау және әскер қатарына шақыру басқармасының бастығы, майор Ғалым Аңдалиевтің айтуынша, мұнда дәрігер мамандардың жеке кабинеттері: бөлек рентген кабинеті, шақырылушыларды «Ақ сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешені мен тереңдетіп кәсіби-психологиялық зерттеу сыныбы, демалыс және психологиялық жеңілдену бөлмелері жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар