Маңғыстау облысында «КамАЗ» жеңіл көлікпен соқтығысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға бүгін «Ақтау-Жаңаөзен» тасжолының 66-шақырымында сағат 07:50 шамасында болды.

«Lada Vesta» автокөлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан «Lada Vesta» көлігіндегі бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен үш адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті Қарақия аудандық полиция бөлімінде тіркелді», - делінген баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар