Маңғыстау облысында инфекциялық стационарлардың саны 2 есе қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында эипдахуалдың тұрақтануына байланысты стаицонарлық төсектердің саны қысқарып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста жыл басынан бері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 19 337 адам болды. 8-15 қазан аралығында, яғни, бір аптаның ішінде 71 азаматтан вирус анықталған. Соңғы тәулікте 7 адам жұқтырған.

Аймақтар бойынша аурушаңдық көрсеткішіне тоқталсақ, науқастардың 57,1 пайызы Ақтау қаласына, 15,7 пайыз Мұнайлы ауданына тиесілі. Қалған аудандар мен қалаларда аурушаңдық көрсеткіші одан төмен», - деген әкімдік өкілі өңірде 22 332 азаматтың COVID-19 індетінен емделіп шыққанын атады.

«8-15 қазан аралығында 111 адам ем қабылдап, таңда 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек қызмет көрсетуде. Шілде-тамыз айларында қосымша төсектер қосып, 15 нысан жұмыс істеген. Бүгінде науқастар 7 стационарда ем алып жатыр», - деді Гүлмира Қалмұратова.


Соңғы жаңалықтар