Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже референдумда дауыс берді

Фото: None
БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат - Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Сырға Тілеубайқызы 1922 жылы 1 қаңтарда Мағыстау облысының Бейнеу ауданында дүниеге келген.

Биыл әже 100 жасқа толды.

Бейнеу халқына «ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.

-Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деп Сырға Қалиева батасын берді.


Соңғы жаңалықтар