Маңғыстау облысында этномәдени бірлестік басшылары кездесті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің басшылерымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі - Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Н. Ноғаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, облыстың шешен-ингуш, армян, әзірбайжан, татар, неміс, украин, румын-молдаван, беларусь, корей, еврей этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің қызметіне және ҚХА-ның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмыс жоспарларына қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктердің қызметіне жобалық тәсілдерді енгізу, мемлекеттік тілді ілгерілету, қайырымдылық және волонтерлік жұмыс, ҚХА жастар қозғалысын дамыту және т.б. мәселелер қаралды.

Кездесу соңында М. Әзілханов этномәдени бірлестіктердің жекелеген өкілдеріне алғыс хаттар тапсырып, оларға қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар