Маңғыстау облысында елдімекендер арасына блокпост қойылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Елдімекендер арасында және облыстан шығатын жерлерде бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылады.

Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, көшелерде қаруланған патрульдік жасақ жүреді.

Төтенше жағдай режиміне сәйкес ел Президентінің тікелей бұйрығымен заңда қарастырылған жағдайларда қару қолдануға рұқсат етіледі.



Соңғы жаңалықтар