Маңғыстау облысында дөңгелегі жарылып кеткен көлік аударылып қалды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат –Бейнеу ауданында «Mercedes-Benz» көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік апаты 10 қазан күні сағат 05:05-те болған.

«Mercedes-Benz» автокөлігінің дөңгелі жарылып кетуі салдарынан жүргізуші рульді басқара алмай, тұраққа қойылған LADA 21902 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік қонақ үй қоршауына соғылып, аударылып қалды», делінген хабарламада.
Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп жатыр.

Фото: lada.kz
Соңғы жаңалықтар