+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында борышкер абоненттер коммуналдық қызметтерден ажыратылмайды

2020 жылғы 31 наурыз 05:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында борышкер абоненттер коммуналдық қызметтерден ажыратылмайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында электр энергиясы, газ, жылу және суға қарызы барлар коммуналдық қызметтерден ажыратылмайды. Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Хамиев Қоғамдық коммуникация орталығында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының барлық тұтынушылары үшін қарыздарды өндіріп алуды тоқтата тұру шаралары қабылданып, коммуналдық қызмет түрлерімен (электр энергиясы, газ, жылу, су) үздіксіз қамтамасыз ету шешілген.

Айдос Хамиев атап өткендей, бұл ретте, тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден және қарызын жабудан босатылмайды.

«Тек төтенше жағдай аяқталғанға дейін қажетті жағдайда ғана келісіммен төлемдерді кешіктіріп төлеуге болады», - деді ол.

Төтенше жағдай кезінде (апат және т.б.) облыс халқын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 180 мың текше метр ауыз су қоры бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT