+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында бокстан 3 бапкер коронавирустан қайтыс болды

2020 жылғы 12 шілде 21:15
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында бокстан 3 бапкер коронавирустан қайтыс болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының бокс федерациясы Қазақстанның еңбек сіңірген үш бапкері коронавирустан қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, коронавирус спорт қоғамын да айналып өтпеді. Маңғыстау облысының федерациясындағы орны толмас қаза туралы қайғыра хабарлаймыз. Талантты әрі сауатты бапкерлер өмірден өтті – жоғары ұлттық санаттағы судья, бокстан КСРО-ның спорт шеберлігіне кандидат Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров», - делінген Маңғыстау облыстық бокс федерациясының ақпаратында.

Атап өтілгендей, аталған бапкерлер өңірде бокстың дамуына үлкен үлес қосты.

«Б.Ермағанбетов көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ж.Жарылғапов еңбек жолында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. А.Теміров бокстан жаттықтырушы болып 30 жылдан астам еңбек етті. Оның ізбасарлары - Қазақстан чемпиондары.

Маңғыстау облыстың бокс федерациясы бапкерлердің туғандары мен жақындарына, оқушыларына шын жүректен көңіл айтады. Олар мәңгі жадымызда сақталады», - деді федерациядан.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT