Маңғыстау облысында блокбекеттер алынып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты блокбекеттер алынуда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарулы Күштердің теңіз жаяу әскерлері бригадасының бөлімшелері тұрақты орналасу пунктеріне оралып жатыр», -делінген ведомство мәліметінде.

Төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты Маңғыстау облысы аумағына қойылған блокбекеттерде 390-шы теңіз-жаяу әскери бригадасы кезекшілік еткен. Қалаға кірген және шыққан көліктерге тінту жүргізіліп, жеке бас куәліктер тексерілді.



Соңғы жаңалықтар