Маңғыстау облысында бірнеше елді мекенді су басты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нөсер жаңбырдың салдарынан Маңғыстау облысындағы 2 қала мен 3 ауданындағы 9 елді мекенді су басты. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров нөсер салдарын жою жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақтаудың 14 көшесінен 16 420 текше метр су сорылған.

Жаңаөзенде 88 тұрғын үйді, 43 аула аумағын, 27 көше, 3 мектеп пен 1 балабақшаның жертөлесін су басты. Қала бойынша 130 қап инертті материал төселіп, 17 300 текше метр су тартылды.


Қарақия ауданының Бостан ауылында 5 үй мен «Тұрмыс-сервис» ММ сораптық станциясына кірген жаңбыр суы тазаланды. Сенек ауылындағы 23 үй, 25 аула, спорт мектебінің жер төлесіне ағын су жайылды. Құрық-Жетібай автожолының 4-шақырымындағы су жиналатын нүктеде сорғыту жұмыстары жүргізілді.


Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылында 2 үй мен 10 ауланы су басты. Ақтау-Қаламқас жолының 97-шақырымына ағын су жайылды.

Мұнайлы ауданындағы Дәулет, Маңғыстау, Басқұдық, Баянды және Батыр ауылдарында 1 үй мен 18 аулада су сорғытылды.


«Жаңбырдан кейінгі салдарды жою жұмыстарына ТЖД-нің 93 қызметкері, 22 техникасы мен 28 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардың 142 жұмысшысы, 56 техникасы мен 10 мотопомпа, 85 ерікті жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.


Еске салсақ, Жаңаөзенде жаңбырдан кейін үш мектеп пен балабақшаны су басып қалған. Нөсер салдарын жоюға Ұлттық ұланның жауынгерлері тартылды.



Соңғы жаңалықтар