Маңғыстау облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар «Сайөтес-Бейнеу», «Бейнеу-Атырау» және «Бейнеу-Тәжен» тасжолындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.

«Осыған байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға шақырамыз» деп ескертеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар