Маңғыстау облысында бір жылда 177 егіз дүниеге келді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 2022 жылы Маңғыстау облысында 177 егіз, 2 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы облыс аумағында 147 егіз, 2 үшем, 1 төртем туылған. Ал 2021 жылы 169 егіз, 3 үшем дүниеге келді. Екі жылдың ішінде Маңғыстауда дүниеге келген егіздер саны 30-ға артып, былтыр 177 егіз, 2 үшем жарық дүние есігін ашты», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жыл басында Маңғыстау өңірінде Ясмина, Алина, Адина есімді алғашқы үшем дүниеге келгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар