Маңғыстау облысында ауылдағы көшеге Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы көшелердің біріне Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді, деп хабарлай ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Марат Болысовтың айтуынша, облыстық ономастика комиссиясы аудан көлемінде ескірген және қайталама атаулары бар көшелерді қайта атау шешімін қабылдады.

«Тарихи тұлғалардың есімдерімен көше атауы жаңарады. Осы орайда, Бейнеу және Ақжігіт ауылындағы көшелерге жаңа атау берілді. Мәселен, М. Хибас көшесімен бағыттас орналасқан Мәди Бегенов көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болып белгіленді. Бұл ақпараттың барлығы облыстық ономастика комиссиясына алдын ала жіберіліп, көше атауын өзгертуге рұқсат берілді», - деді Марат Болысов.



Соңғы жаңалықтар