Маңғыстау облысында әскери ұшақ автожолға қонды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы «Ақтау-Жаңаөзен» автожолына әскери ұшақ қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын жебе» оқу-жаттығу аясында әскери ұшақ жолға қондырылды.
Жаттығу барысында қауіпсіздік шаралары ескерілгеннен кейін, ұшақты қондыру амалдары жасалды.
Ведомство ақпаратына қарағанда, сәуір айының басында Қорғаныс министрі «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру барысын қадағалады.
Ақтау гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы арнайы операциялар күштерінің құрамдарын тексерудің екінші кезеңі өтіп жатқан оқу-жаттығу полигондарын аралады.
Айта кетейік, «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін кешенді тексерудің екінші кезеңі Қазақстанның батыс өңірінде өтіп жатыр.
Бұған Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдері қатысты.
«Алтын жебе» тексерісінің екінші кезеңі осы жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.
- Маңғыстау облысы «сары» аймақта: Карантин шаралары күшейтілмек
- Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев
- Биылғы I тоқсанда «Еңбек» мембағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
- Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны өсіп барады
-
ҰҚШҰ-ның бірлескен радиациялық, биологиялық қорғаныс бөлімшелерін құру мәселесі талқыланды
-
Сайланған әкім биліктің емес, халықтың өкілі болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам