Маңғыстау облысында 3 тонна бекіре тектес балық жасырылған қойма табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 26 сәуірде ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, аталған облыстың ҰҚК және полиция департаменттерінің бірлескен іс-шаралары барысында өнеркәсіптік тоңазытқыштарда сақталған 3 тонна бекіре тектес балық жасырылған қойма табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеуді бастап, биоресурстарды заңсыз жолмен өндіруге және оларды сатуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруда.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар