Маңғыстау облысында 3,6 млн тонна мұнай қалдығы қордаланған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 3,6 млн тонна мұнай қалдығы қайта өңделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысындағы өзекті экологиялық проблемалардың бірі ондаған жылдар бойы қордаланған мұнай қалдықтары болып табылады. Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі барлық 3,6 млн тонна мұнай қалдығын қайта өңдеу туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясымен меморандумға қол қойды. Жұмыстар 2023 жылы аяқталуы тиіс», - деді Экология, геология және табиғи ресуртар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту жөнінде өткен кеңесте.

Еске салайық, Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.





Соңғы жаңалықтар