Маңғыстау облысында 17 нысан «Аshyq» жобасынан шеттетілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 17 кәсіпкерлік нысан «Аshyq» жобасынан 2 аптаға шеттетілді. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жұмысын уақытша тоқтатқан 17 нысан жоба аясындағы талаптарды бұзған. Мәселен, 4-еуі келушілердің санын 50 пайыздан асырса, 1-еуі жұмыс режимін ұстанбаған. Ал қалғандары маскалық режимді сақтамаған.

«Қазіргі таңда Ақтау халықаралық әуежайында «Аshyq» қосымшасы пилоттық режимде жұмыс істейді. Тестік режим барысында 1 күн ішінде 1032 сканерлеу жүргізіліп, нәтижесінде 1 «қызыл» статус анықталды. Алдағы уақытта жобаға теміржол вокзалын қосу жоспарлануда. Сондай-ақ балалар ойын-сауық кешендері де арнайы қосымшаға тіркеледі», - деді Аққу Айтжан.

Бүгінде Маңғыстау облысында 293 кәсіпорын «Аshyq» жобасы бойынша жұмыс істеуде. Оның ішінде 241 нысан ресми түрде жобаға енді, ал 33 нысан тестік режимде қызмет атқарып жатыр.


Соңғы жаңалықтар