Маңғыстау облысына әскер кіргізілгені туралы ақпарат жалған - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысына әскер кіргізілгені туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеороликте Маңғыстау облысына әскер жіберілгені туралы айтылады.

«Аталған чатта жария етілген хабарлама шындыққа жанаспайды. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін еске салады», - деп атап өтеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізілді.


Соңғы жаңалықтар