+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Маңғыстау облысын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды

2021 жылғы 17 маусым 10:52
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жылыту маусымына дайындық: Семей тұрғындары үшін 260 мың тонна көмір жеткізілмек Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін бірлесіп дамытады

Бұған дейін «ҚазГӨЗ» ЖШС-да 2021 жылғы 16 маусымда сағат 22:15-те Компрессорлық цехтың ауа тоңазытқышы конструкциясының өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Өрт салдарынан градирня конструкциясының бір бөлігі істен шықты, негізгі жабдық (компрессорлық жабдық) зардап шеккен жоқ. Градирняны қалпына келтіру бойынша авариялық-жөндеу жұмыстары басталды.

ҚазГӨЗ бойынша оқыс оқиғаны тексеру туралы бұйрық шығарылды, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды.

Зауыттың дайын өнім қоймаларындағы сұйытылған мұнай газының мөлшері өңірдің қажеттілігін шамамен екі тәулікке (шамамен 1,2 мың тонна) қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің жедел ақпараты бойынша өңірде сақтау базаларында сұйытылған газдың тағы үш тәулікке жететін қалдығы бар (шамамен 1,5 мың тонна).

Бұдан басқа, қажеттілік туындаған жағдайда Атырау мұнай өңдеу зауытынан өңірге сұйытылған газды баламалы жеткізуді жүргізуге мүмкіндік бар.

Ай сайын Маңғыстау облысына шамамен 18 мың тонна сұйытылған газ бөлінеді, оның ішінде ҚазГӨЗ-ден 14,5 мың тонна және АМӨЗ-ден 3,5 мың тонна. Бүгінгі күні жедел ақпарат бойынша ҚазГӨЗ-ден 8 мың тоннадан және АМӨЗ-ден 1,6 мың тонна астам сұйытылған газ жөнелтілді.

Зауыт жұмысы жақын арада толық қалпына келтірілетін болады.

Өңірде сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша ешқандай іркілістер болмайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT