+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Маңғыстау облысы: Шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына парақорлық үшін айыппұл салынды

2020 жылғы 17 қаңтар 10:02
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысы: Шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына парақорлық үшін айыппұл салынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының «Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ шетел жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Б.А.Көшімоваға қатысты пара алды деген күдікпен тергеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскемендіктерге апта сайын тегін заңгерлік кеңес берілмек Ақтөбеде Беларусь инвесторының құқығы қорғалды СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ол облыс аумағында еңбек етуге шетел азаматтарына кедергісіз жұмыс визасын беру және ұзарту үшін шетелдік компания өкілінен 500 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Көшімова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 698 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкімге шағым жасалмай заңды күшіне енді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT