Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

None
Фото: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ-нің бұйрығымен полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы ротация негізінде Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байжан Исембекұлы 26.05.1974 жылы Жамбыл облысы, Ерназар ауылында дүниеге келген.

Ол 1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Жамбыл қаласы прокуратурасының тергеуінен бастаған, ол әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2005 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Байгелді Байжан Исембекұлы 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.


Соңғы жаңалықтар