Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат -  Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  басқармасының жаңа басшысы етіп, Эльдар Қуатұлы Машырықовты тағайындады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Эльдар Машырықов 1985 жылы Маңғыстау облысында туылған.

2008 жылы инженер мамандығы бойынша Казақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген. 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009-2011 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша  Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау  басқармасы құрылыс бақылау бөлімінің  жетекші маманы, бас маманы.

2011- 2015 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй шаруашылық істері агентігінің  мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  және лицензиялау департаментінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған.

2015 жылдың наурыз  айынан бастап Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар