Маңғыстау облысы Құрық ауылының тұрғындары теңіз жағасында демала алады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы ауылда теңіз жағалауында демалыс орын ашылды. Бұл туралы Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Әлия Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрық ауылының кәсіпкерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай теңіз жағалауында демалыс орнын салды.

Ә.Әбдіхалықованың айтуынша, ауылда бұрын-соңды арнайы жағажай болмаған. Бұл орын жергілікті тұрғындардың жаз мезгілінде теңіз жағалауында демалуы үшін жасақталған.

«Кәсіпкерлер осы бастаманы толықтай өз қаражатына жүзеге асырды. Әкімдік тарапынан жер аумағы берілді. Онда қазақи нақыштағы ағаш үйлер, волейбол ойын алаңы, катамарандар, кәуап пісіретін және қоқыс тастайтын орындар қарастырылған. Қазір жазғы демалыс орнына қажетті электр энергиясы генератор арқылы беріліп отыр», - деді Әлия Әбдіхалықова.


Соңғы жаңалықтар