Маңғыстау облысы Чехиямен ынтымақтастық орнатпақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудолф Гикл мырзаны қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өңір басшысы Р.Гиклға ілтипат білдіріп, кездесу екіжақты белсенді ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.

«Біздің өңір өзара әріптестік бойынша кез-келген диалогқа ашық және инвестициялар тартуға мүдделі. Біз өз тарапымыздан «Ақтау теңіз порты АЭА» еркін экономикалық аймағында инвестициялық жобаларды орналастыратын мүмкіндік бар екенін айтқымыз келеді. Бұл мәселе қызықтыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайынбыз және сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов.

Кездесуде негізінен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жасыл технологиялар және стартаптар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Ақтауды көлік хабы ретінде дамыту мүмкіндіктері туралы айтты.


Бүгінде Маңғыстау облысы Түркия, Ресей, Қытай, Италия, АҚШ, Германия және т.б. ірі шетелдік инвесторлармен өз қызметін жүзеге асыруда. Маңғыстау облысы мен Чех Республикасы арасындағы жалпы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында 1640,49 мың АҚШ долларын құрады. Маңғыстау облысында экономиканың түрлі саласында чех капиталы салынған 4 бірлескен кәсіпорын бар.

Облысты дамытудың басым бағыттары көлік логистикасы, туризм, агроөнеркәсіптік кешен және энергетика болып табылады. Серікбай Трұмов агроөнеркәсіп кешені саласында табиғи күн сәулесінің ұзақтығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын дамытуды ескере отырып, жылыжай шаруашылығын дамытуға болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Маңғыстаудың климаты өңірге электр энергиясының қосымша ресурсы үшін күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Сондықтан баламалы энергия көздерін дамыту маңызды сектор болып табылады. Бұл болашақта электр энергиясын өндірудің барлық дәстүрлі әдістерін жоққа шығаратын ең перспективалы ресурстардың бірі болмақ.


Соңғы жаңалықтар