Маңғыстау облысы бокстан Конфедерация кубогын жеңіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы кубогінің финалдық бәсекелері өтуде. Алғаш болып боксшылар арасындағы жеңімпаз құрама анықталды деп жазады Olympic.kz. 

Бокстан финалдық бәсекеде Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы кездескен болатын. Өте тартысты өткен кездесуде 5:4 есебімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті. 

Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Түркістан облысы сапынан С. Бибосынов, Қ. Ерәлиев, Н. Райыс, Б. Нұрмағамбеттер жеңіске жетті. 

Маңғыстаулық боксшылар қатарынан С. Толтаев, М. Өскенбек, Б. Нұрдәулетов, А. Дәуренұлы қарсыластарына дес бермеді.

Қосымша жекпе-жекте маңғыстаулық Б. Жедібаев намысқа тырысып, өз командасына жеңіс әперді. 

Осылайша, бірінші орынды Маңғыстау, екінші орынды Түркістан облысы иеленді. Үшінші сатыда Қарағанды облысы мен Астана қаласы боксшылары. 

 

 

Соңғы жаңалықтар