Маңғыстау облысы аумағында тараған жағымсыз иіске қатысты экологтер түсінік берді

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – 31 наурызда Маңғыстау облысының аумағында, яғни Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Жетібай, Шетпе, Қызан, Ақшымырау, Шайыр ауылдарында жағымсыз иіс тарады. Жағдайға қатысты экологтер түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Жетібай ауылы, Жаңаөзен, Ақтау қалаларының атмосфералық ауасына өлшемдер жүргізуді жалғастырып жатыр.

«Алдын ала жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ауада өндірістік ластаушы заттектердің (газдардың) шамадан тыс артуы тіркелмеген. «Казгидромет» РМК автоматты бекеттері де бүгінгі таңда зиянды заттектердің шамадан тыс артуының тіркелмегенін растап отыр», - делінген баспасөз мәліметінде.

Аталған иіс болжамды жану иісі (запах гари) деп саналғандықтан, экологтар төтеншеліктермен бірлесіп иіс шығу ошағын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар