Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары вакцина салдырды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бұған дейін медициналық көрсеткіштер бойынша екпені салу кейінге қалдырылған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова бүгін «Спутник V» вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешқандай әсер байқалып жатқан жоқ. Жағдайым жақсы. Қараша айында тұмауға қарсы екпені де қабылдадым. Әрине, бірінші вакцинация ерікті түрде. Вакцинациялауды халыққа дұрыс түсіндіру мақсатында келіп отырмын. Қазіргі уақытта дәрігерлер де салдырып жатыр. Дәрігерлер, модульный стационардың қызметкерлері қабылдап жатыр. Алғаш рет дәрігерлер тарапынан вақциналауға рұқсат берілмеуне байланысты кейіне қалдырылған еді. Бүгінгі күні бәрі сәтімен өтті»,-деді Маңғытау облысы әкімінің орынбасары», - деді Маңғытау облысы әкімінің орынбасары.

Ақтау қалалық №2 емхананың эпидемиолог-дәрігерінің айтуынша екпе салған адам 3 күн бақылауда болады.

Бірінші компонентін алған соң 21 күн өткенде екпенің екінші компонентін алады. Содан соң ковидке қарсы екпені толық алған болып есептеледі.

«Қазіргі таңда бізде ковидке қарсы екпе екі жүргізіп жатырмызБірінші компонентін алып, екпе жүргізілгеннен кейін екпе алған жерде 30 минут бақылауда болады. Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Яғни 3 күн уақыт аралығында моншаға баруға, суға түсуге, екпе салған орынға су тигізуге болмайды. Рационды бұрынғыша жалғастыра беруге болады. Бұрын қабылдап жүрген преппараттар болса, оны да қабылдауға болады. Жаңадан преппарат қабылдауға, рационға бұрын соңды жеп көрмеген тамақтарды тұтынуға кеңес берілмейді. 3 күн уақыт аралығында спирттік сусындар мен темекі шегуге, физикалық жүктеме түсіруге болмайды. 3 күн аралықта бақылау жүргізіледі. Жеке учаскелік дәрігер екпе алған адамның жағдайын бақылайды. Қазіргі уақытта вакцина алып жатқан адамдарда кері әсерлер байқалып жтқан жоқ»,-деді Ақтау қалалық №2 емхананың эпидемиолог-дәрігері Ардақ Ибрашева.


Соңғы жаңалықтар