+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 19 тамыз 14:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Қашақов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады Жеңіс Қасымбек Nur Otan партиясы Қарағанды филиалының төрағасы болып сайланды

Оны аппараттық жиында аймақ басшысы Серікбай Трұмов таныстырды.

Бақытжан Аманжолұлы Качаков 1982 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2002 жылы Қазақ-Америкалық университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2003 жылы Дикинсон мемлекеттік университетін (АҚШ) қаржы - экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Компания Терра Холдинг ЛТД» ЖШС-ның қаржы мәселесі бойынша директордың орынбасары болып бастаған.

2007-2009 жылдары Алматы қаласы бойынша, Медеу ауданы бойынша салық комитеті заңды тұлғалар аудиті бөлімінің маманы-салық инспекторы, жетекші маманы-жетекші салық инспекторы болып қызмет атқарды.

2009-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитеті Халықаралық салық салу бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй құрылысы департаментінің Ведомстволық бағынысты қаржылық ұйымдармен жұмыс бойынша басқарманың бастығы лауазымын атқарды.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, басшысы лауазымдарын, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы, Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2017 жылғы 20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарады.

2019 жылы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT