Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Серік Аманғалиев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, С.Аманғалиев ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік компанияларда, екінші деңгейдегі банктерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ол қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда жазасын өтемек.

Соңғы жаңалықтар