Маңғыстау облысы әкімі аппаратына жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Тәжібаев 1975 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Саясаттану» мамандығын,  2015 жылы КЕББМ «Алматы Менеджмент Университеті» «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығын тәмамдады.

Еңбек жолын 1999 жылы  «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аға маман, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміқызметінен бастаған.

2000-2002жж. Жетекші маман, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі,  «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.

2002-2004жж.Бас маман, шаруашылық жүргізуші субъектілерімен байланыс жөніндегі бөлімі, «Ақтау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2004-2005жж. Бөлім бастығы, шаруашылық жүргізуші субъектілерімен байланыс жөніндегі бөлімі, «Ақтау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.Бөлім бастығы, ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі, «Ақтау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2005-2007жж. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы әкімінің орынбасары.

2007-2009 - Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосының әкімі.

2009-2010 жж. Басқарма бастығының орынбасары, «Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.

2010-2011 жж.Бас инспектор, ұйымдық-бақылау бөлімі, «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.

2011-2013жж.Қарақия ауданы әкімінің орынбасары.

2013-2015жж. Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары.

2015-2018 - Мұнайлы ауданының әкімі.

Еске салайық, кеше Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев пара алды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар