Маңғыстау облысы әкімдігінде екі басқарманың басшысы ауысты

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімдігінің Туризм және Ішкі саясат басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Туризм басқармасының басшысы болып Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Данияр Өтешов тағайындалды.

Данияр Өтешов Қ. Сәтбаевтың атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы, Назарбаев Университетін «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша бітірген. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Аташ-Сервис» ЖШС директоры ретінде бастады. 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Ақтау-Азимут» ЖШС директорының орынбасары болды. 2017 жылы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, 2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін «Ақтау-Азимут» ЖШС директоры қызметін атқарды.

Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұртас Сали тағайындалды.

Нұртас Сали «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-да контент-менеджері болып бастаған. 2014-2017 жылдары – Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы. 2017 - 2019 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, 2019 жылдан 2022 жылға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарды.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев басқармалар ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырып, еңбектеріне табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар