Маңғыстау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Облыстық сотқа төраға болып Ержан Даулиев тағайындалды. Жаңа басшыны өңірге ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Тұрымов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сонымен бірге «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы мен БАҚ өкілдері қатысты.

А.Рахметулин өз сөзінде Ержан Даулиевтің сот саласында ұзақ жылғы қызмет тәжірибесін, оны ерекшелей түсетін еңбекқорлығы мен принципшілдігін атап айтты.

«Жаңа қызметте еліміздің сот жүйесін дамытуға, заң төрелігі мен әділдіктің сақталуын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салады деп сенемін», - деді ол.

Сонымен бірге, А.Рахметулин Елбасы Жолдауында айтылған сот жүйесін жетілдіру мәселесі жөнінде әңгімеледі. Ол «Сот төрелігінің жеті түйінінің» басым бағыттарын жүзеге асыру барысы, соттағы айыптауларды азайту, сот актілерін дұрыс түсіндіру және сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру туралы да кеңінен баяндады.  

Жиында өңірдегі қайта тағайындалған сот төрағалары мен судьялар таныстырылды.

Даулиев Ержан Көкенұлы 1964 жылы дүниеге келген.

1988 жылы Свердлов заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2003-2013 жылдары - Ақмола облыстық сотының судьясы.

2013-2016 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар