Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды.

Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров таныстырды.

Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.


Соңғы жаңалықтар