Маңғыстау облыстық мешітінде күн сайын 3 мыңнан астам адамға ауызашар беріліп жатыр

None
Фото: shutterstock.com
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық мешітінде күн сайын 3 280 адамға ауызашар беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау мешіттері рамазан айында халыққа рухани тәрбие беру, ізгілікке баулу мақсатында 1500 балаға тәттілер салынған «Рамазан базарлығы» атты қорапшаларды үлестірді. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясында кезекті баспананың кілті Қарақия аудандық орталық мешітінің тазалықшысы, жалғызбасты ана Әбуова Айгүл Оңалбайқызына табысталды. Өңіріміздің мешіттері 80 шақты мүмкіндігі шектеулі жанға яғни 140 жанұяға «Рамазан қоржындарын» үлестірді. Облыс көлемінде 100 түп ағаш отырғызылды. Әр жексенбі күні «жат діни ағымнан сақтанайық» атты тұрғындарға дәріс оқылып,облыстық мешітте күн сайын 3280 адамға ауызашар беріліп жатыр», - дейді Маңғыстау облыстық мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.

Жалпы рамазан айында 5 мыңға жуық адамға ауызашар беру жоспарланғанын жазған едік


Соңғы жаңалықтар