Маңғыстау облыстық мемкірістер департаментіне жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Серік Манзоровты таныстырды.

Серік Бағдатұлы әр жылдары мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

Соңғы атқарған лауазымы - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Ол бұл қызметте 2019 жылдың мамырынан бастап 2021 жылдың қырқүйегіне дейін болды.

Данияр Жаналинов Серік Манзоровқа алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар