Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы болып Жаңбырбай Матаев сайланды

None
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңадан жасақталған Маңғыстау облыстық мәслихаты VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, мәслихат төрағалағына Жаңбырбай Матаев сайланды. Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық мәслихаты VIII шақырылымының бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттарға куәліктері мен төсбелгілері табысталды.

Айта кетсек, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылар тізіміне 412 183 азамат енгізіліп, оның 222 251-і дауыс берген еді.

Мәслихатқа бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 16 депутат, саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер бойынша 16 депутат сайланды. Оның ішінде 14 депутат «Amanat», 1 депутат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және 1 депутат «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан.

Сайланған депутаттардың 28-і – ер (87,5%), 4-еуі – әйел (12,5%). Оның ішінде жастар саны – 2 (6,25%). 32 депутаттың 31-і жоғары білімді, 1-еуі арнайы орта білімді.






Соңғы жаңалықтар