+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Маңғыстау облыстық энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 29 қаңтар 17:33
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облыстық энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Айдос Хамиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Айдос Хамиев 1985 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған. Білімі жоғары.

Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС құрылыс шебері болып бастады.

2008- 2009 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.

2012 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

2012 – 2013 жылдары - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.

2013-2015 жылдары - Көкшетау қаласындағы ҚР Аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2018 жыл 5 тамыздан бастап Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT