Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бұған дейін орынбасар қызметін атқарып келген Әнуар Сағымбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнуар Әлімжанұлы 1972 жылы туған, білімі жоғары, «емдеу ісі» және «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандықтары бойынша білім алған.

1995 жылдан бері медицина саласында үздіксіз қызмет атқарып келеді. Басшы лауазымындағы тәжірибесі де жеткілікті.

Медицина ғылымдарының кандидаты. Денсаулық сақтау саласының үздігі.


Соңғы жаңалықтар