Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кеше Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде өрт шықты. Оқыс оқиға шамамен 23 сағат 30 минутта болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

«Бұл өртті сөндірушілер келгенге дейін аурухана қызметкерлері өшіруге тырысқан. Оқиға барысында медицина қызметкерлері мен пациенттердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Науқастарды басқа блоктарға ауыстыру жоспарланып отырған жоқ», - делінген Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміндегі өртті сөндіріп, іштегі науқастарды сыртқа шығаруға көмектескен.


Соңғы жаңалықтар