Маңғыстау кен орнындағы өрт: Бір адам ажал құшып, үшеуі жарақаттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Маңғыстаудағы кен орнында өрт болғанын растады, деп хабарлайды Лада.

Ресми өкіл келтірген дерек бойынша, оқыс оқиға Комсомольское кен орнында болған.

«Комсомольское кен орнында 19 мамыр күні сағат 22:22-де 40 шаршы метр аумақта дренаждық ыдыс өртенгені туралы хабар Дағдарыс жағдайларды басқару орталығына 20 мамыр күні 02:58-де түскен. Оқиға ұңғыманы толықтай жөндеу кезінде болған. Салдарынан 1986 жылы туған «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшысы қаза тапты. Тағы үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған», - деп мәлім етті Руслан Иманқұов. 

Сағат 00:23-те өрт толықтай сөндірілген.

Айта кетейік, жапа шеккендердің бірінің денесін 60 пайыз күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екеуі травматология бөлімінде ем алуда. 

Бұған дейін «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшыларын күйік шалып, оларды санитарлық авиация ауруханаға жеткізгені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар