Маңғыстау цифрлық хабар таратуға қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы цифрлық эфирлік xабар таратуға қосылды. Өңірдегі 21 радиотелевизиялық станса жаңарды,- деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков қатысты.

Рәсім барысында аналог телевизиялық сигнал таратуды қамтамасыз еткен жабдық салтанатты түрде өшіріліп, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың (ЦЭТХТ) жаңа мүмкіндіктері қосылды.

«Бүгін біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Аналог телевидениені өшірдік. Цифрлық телерадиокешенге көштік. Маңғыстау облысынан бастап жатырмыз. Себебі өңір 100 пайыз дайын болды. Барлығыңызды құттықтаймын. Жобаны іске асыру аясында Маңғыстау облысында 21 радиотелевизиялық станса салынып, жаңғыртылды. 600 мың xалық тұратын 47 елді мекен, облыс xалқының 99%-ы қамтылды», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.null 

Облыста цифрлық телеxабар таратуға қосылу үшін республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге қаражат бөлінген. Аталған сомаға 21 станса жаңартылып, заманауи аппараттар сатып алынған.

Цифрлық xабар таратуға қосылу арқылы қала мен ауыл xалқының көретін бейнеконтентін теңестіруге мүмкіндік береді. Яғни, отандық телеарналар спектрі кеңейіп отыр. Қала тұрғындары 25-30 каналға дейін қарай алса, ауыл халқы 15 телеарнаны тамашалай алады.null null 

Соңғы жаңалықтар