+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында вакцина алмаған 7 адам ғана жұмыстан шеттетілді

2021 жылғы 22 қазан 13:37
Бөлісіңіз:
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында вакцина алмаған 7 адам ғана жұмыстан шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «МАЭК»-тің 100 жұмысшысы вакцинаға қарсы акция жариялағанымен, 7 адам ғана еңбектен шеттетілген. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып айтты, деп хабңғыарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы орташа жалақы қанша - әкім жауабы Маңғыстауда малдың қысқы жем-шөбі қалай әзірленіп жатыр Келесі жылы Маңғыстау ауылдары 100% ауыз сумен қамтылады – Нұрлан Ноғаев

«Бізде Маңғыстау облысындағы «МАЭК» (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – ред.), Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал», «Қазақмыс» сияқты кәсіпорындар бар. Бұл кәсіпорындарда жұмысшылардың саны өте көп. Біздің мәліметіміз бойынша, бір ай бұрын «МАЭК»-тің ұжымы қарсылық акциясын жариялаған болса, әкімдік пен кәсіпорын басшылығының тыңғылықты жұмысының арқасында 82 пайызы вакцина алған», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Маманның мәліметі бойныша, «Арселор Миттал» компаниясында жұмысшылардың 82 пайызы, «Қазақмыс» компаниясында 78 пайызы екпе қабылдаған.

«МАЭК» бойынша 100 адам қарсылық акциясына шыққан болса, тек 7 адам жұмыстан шеттетілген.Қалғандары түсіндіру жұмыстарының арқасында ахуалды түсініп, тиісті шараларды қабылдады», - деді Төлеген Оспанқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT