«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Маңғыстау-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тиелген вагонында болған өрттен зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кезінде 1985 және 1982 жылы туған ер адамдар денесінің 30 және 20 пайызын күйік шалған. Науқастардың жағдайы жақсарған соң үйлеріне жіберілді.

Ал, осы өрттен денесінің 40 пайызын күйік шалған 1989 жылы туған азамат пен оның 11 жасар ұлы Маңғыстау облыстық ауруханасына ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін өрттен зардап шеккен баланың беті бері қарағаны туралы жазған болатынбыз. Ал, осы өрттен денесінің 80 пайызын күйік шалған ер адам көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар