Маңғыстау әкімдігінің Жобалық офисі 2021 жылдың үздігі атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Жобалық офисі 2021 жылдың үздігі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимінде қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткен болатын.

Марапат аясында, Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Жобалық офисі республикалық «Qazaqstan Project Management Awards 2021» жобалық менеджментті жетілдіру конкурсының «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленді.

Байқауға аталған номинация бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың 27 жобалық офистері қатысқан. Білікті сарапшы-асессорлардың жоғары бағасын алған Маңғыстау облысы әкімдігінің жобалық офисі – жыл үздігі атанды.


Айта кетсек, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды құру туралы Маңғыстау облысының Жобалық офисі - 2020 жылы облыс әкімінің «ҚР жергілікті және өзін-өзі басқару» туралы заңына сәйкес құрылды.

Офис - ұлттық және өзге де жобаларды әзірлеу, олардың іске асырылуының жедел мониторингін қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді.


Соңғы жаңалықтар